Сурет салу

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ом, интерактивті жабдықтар, көрнекі құралдар, т. б. ) ескере отырып, тиісті әдістерді қолдануды талап етеді.
Оқытудың пәндік мазмұны сурет салу бойынша ҰОҚ арқылы 6 жастағы балаларды көркем іс-әрекет түрлерімен таныстыру үдерістерін бейнелей отырып, негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі ба-лаларды бейнелеу өнерінің негіздеріне тарту арқылы шығармашылық қабілеттерді, көркем жұмыстар арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
Бұл ретте педагог келесі міндеттерді жүзеге асырады:
– сурет негіздері туралы білімді және көркемдік материалдармен, құралдармен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыруды;
– заттарды олардың кеңістіктік арақатынасына сәйкес бейнелеу дағдыларын қалыптастыруды;
– білімқұмарлық, шығармашылық қиял, фантазия, есте сақтау қабілетін дамытуды;
– эстетикалық талғамды дамытуды және бейнеленген образдарды түсіну сезімін қалыптастыруды;
– ойын және көркем іс-әрекет арқылы түрленуге қажеттілікті дамытуды;
– қол моторикасы мен сенсорлық қабылдауды дамытуды;
– ұлттық бейнелеу өнеріне тарту арқылы патриотизмді қалыптастыруды.
ОӘК-ді қолдану күтілетін нәтижелерді қалыптастыруға мүмкіндік береді және мектепалды даярлық сынып/топ тәрбиеленушілері:
– түрлі сызықтарды (түзу, қисық, ирек, т. б. ) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салады;
– түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін сала-
ды;
– негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салады;
– үлкендігі әртүрлі біртектес заттардың, бөлшектердің суретін салып, оларды суретте симметрия-лы орналастырады;
– өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін 2-3-тен

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: