ет сезімін қалыптастыру; ерекше ойлау қасиеттерін, шығармашылық қиялды қалыптастыруда жатыр.
Мектепалды даярлық бағдарламасын жүзеге асыратын педагогтер алдында күрделі міндет тұр: көркем мәдениет тәжірибесін меңгеру негізінде балада дүниені жекелей көру, ол туралы ойлау, өз қатынасын білдіру қабілетін қалыптастыру.
Баланы рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни оның бойында шынайы адамилық туралы, дүниені қабылдауда мейірімділік пен мәдени толыққандылық туралы түсініктерге сай келетін қасиеттерді қалыптастыру Мектепалды дайындық сыныбы тәрбиеленушілердің шығармашылық құзіреттіліктерін қалыптастырудағы үдерісінің басты мақсаты болып табылады. Бағдарламаның мәдени мазмұндағы рөлі азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруда да жатыр. Бұл міндет әлемдік үдерістермен байланыстарды еш шектемейді, керісінше оқу-әдістемелік кешеннің негізіне «туған табалдырықтан жалпы адамзат мәдениетінің әлеміне дейін» қағидаты қойылған.
3
«Сурет салу» ҰОҚ бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру аясында педагогтің балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу жөніндегі іс-әрекет бағыттары
Педагогке көмек ретінде авторлар ұзақмерзімді және қысқамерзімді жоспарларды әзірледі. Ұсынылған қысқамерзімді жоспарда тараулардың оқу материалы пәнаралық байланыстарды (қауіпсіз мінез-құлық, валеология негіздері бойынша, қоршаған орта, көркем әдебиет, өзін-өзі тану, т. б. танысу бойынша ҰОҚ) пайдалана отырып, біртіндеп айқындалады.
Әзірленген ҰОҚ-де суретті сатылай салу, сондай-ақ өзін шығармашылық тұрғысынан танытуды дамытуға арналған тапсырмалар берілген. Ұсынылған ОӘК алты жастағы балалар үшін сурет салу мазмұнының айрықша ерекшеліктерін (негізінен практикалық), оқу іс-әрекетін ұйымдастыру форма-ларын (практикалық, жеке, шығармашылық жұмыстар) және оқу құралдарын (арнайы әліппе-альб
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>