Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Археоптерикс

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

қын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsuсһіа) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Ornithosuchia) болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп ал-дыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді. Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ататегі емес. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және псевдозухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға маманданған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қабыршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл даму процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы, олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың "жылықанды" болуына себепші болған.

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: