Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Археоптерикс

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Құстардың нағыз тегініӊ қалдығы әлі табылмаған. Полеонтологиялық қазбалардың ішінде, рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған. Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері: денесі қауырсынмен қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің құрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан. Археоптерикс пен археорнистің дене құрылысына жасалған талдау, олардың тіршілік әрекеттерінің қандай болғанына болжау жасауға мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік еткен, бірақ ұша алмаған. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы, төсінде қырлы сүйектің болмауы, сонымен қатар қанат сүйектерінің бетініӊ тегіс болуы, ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттіӊ болмағанын көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрылысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар салған болу керек. Әлсіз тістері жәндіктермен немесе жемістермен қоректенгенін адғартады. Артқы аяқтарыныӊ және жамбас белдеуініӊ құрылысына қарағанда жер бетінен гөрі, ағаштарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар екенін көрсетеді. Бор дәуіріндегі қалдықт

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: