ардың ішінен құстардың екі ерекше топтарының: ихтиорнистер (Ichtyornis) мен гесперорнистердіӊ (Hesperornis) қалдықтары табылған. Гесперордистер ұшу-ға қабілеті жоқ, су құстары болған. Қанаттары болмаған, алдыӊғы аяқтары иығының рудименті түрінде ғана болған. Төс сүйегініӊ қыры болмаған. Суда жақсы жетілген екі артқы аяғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі гагарларға ұқсаған. Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкіy, өйткені бұлардың қанат скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде биік қырлы сүйегі, жақтарында тістері болған. Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстардың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жақын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қорытындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқтары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыршағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін, жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта -- орман болып саналады. Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы көптеген белгілері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды болуына себепші болған.
Страницы: << < 5 | 6 | 7