ып, жылда балапандарын ұшырады.
Тәрбиеші: Рахмет Саяхатшы. Бұл тамаша аңыз екен. Ал енді сен дем алып балалардың өнерін тамашала.
Ән: Тәуелсіз Қазақстан.
Ойын: Тақия тастамақ.
Тәрбиеші: Балалар туымыздың түсі қандай, туымызда не бейнелеген?
Туымыздың түсі көгілді аспан түстес. Туда күн, қыран құс бейнелеген.
Балалар біздің Елтаңбасы жайында не білеміз?
Қазақстанның мемлекттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелерден пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз орналасқан, төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті-алтын және көгілдір түс.
Сүлтан:
Көк байрағы желбіреп
Асқақтай түсті аспандар
Бақыттың таңы мөлдіреп
Айнала нұрын шашқандай.
Парасат:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Назым:
Елтаңбасы елімнің
Ортасында шаңырақ
Мемлекеттік туымнан
Күн шығып тұр жарқырап.
Ән: Елтаңбасы елімнің.
Би: Достық биі.
Ән: Қазақстан.
Тәрбиеші:
Әрқашан бейбітшілік заман болсын
Ел іргесі аман болсын
Ертеңге жол ашатын
Бүлдіршіндер бақытты
аман болсын!
Осымен бүгнгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Еліміз тыныш, халқымыз аман,бауырымыз бүтін болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікте желбіресін.
Тақырыбы: "Тәуелсіздік ел тірегі"
Мақсаты: Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру.
Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсінііңтерін молайту.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. <
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>