Құстар біздің досымыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылыған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Иманбаева. Ү. Т
Тобы: "Бәйтерек"
Білім беру саласы: Қатынас, Таным,Әлеуметтік орта, Шығармашылық. Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Құстар туралы білімдерін
толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.
Көрнекіліктер: құстардың суреттері,құстар үнтаспа,көгершін суреті, түрлі-түсті бояулар.
Биллингвальді компонент: Көктем-Весна, Құстар-птицы
Мотивациялық қозғаушылық: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.
Көктем мезгілі орысша қалай аталады?
Балалар: Көктем-Весна.
Көктем мезгіліне байланысты қандай тақпақ білеміз?
Балалар: Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.
Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату.
Балалалар, ненің дауысы екенін табады.
Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
1. Шарлап келіп даланы,
Үйіме,үйін салады. (Қарлығаш)
2. Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
3. Тақылдатып,мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

Балалардың назарын суретке аудару. Құстардың атын атаңдаршы
(қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тырна,қараторғай,аққу).
Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.
Тәрбиеші: -

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: