Қазақстан қандай бейбіт, қонақжай ел десеңізші. Мен сендердің елордаларың -Астана қаласында болдым. Бейне ертегі елінде жүргендей болдым. Мен сөзбен айтып жеткізе алмаспын, одан бейнетаспаға жазып алғандарымды көрсетейін.
(Қазақстан туралы слаид қарау)
Саяхатшы: -Балалар, Астанада биіктігі 90 метрге жететін бәйтерек бар екен. Мен ол туралы тамаша аңыз естідім. Қаласаңдар айтып берейін.
"Самұрық құс" аңызын сахналату.
Ертеде биік жартастың басына Самұрық деген алып құс жұмыртқа салады екен. Бірақта Самұрық құс тамақ іздеп кеткенде бір әбжылан байғұс құстың жұмыртқаларын жеп кете береді екен. Бір күні тау аралап бір батыр жігіт келе жатырады. Кенет жартастағы құс ұясына қарай өрмелеп бара жатырған әбжыланды көреді.
Батыр:Құстай ұшып жартасқа жетеді. Батыр қылышымен жылан денесін тіліп өтеді.
Ашулы жылан жігітке қарай оқтай атылады да денесіне улы тістерін қадап алады. Бірақ батыр оған қарамастан жыланмен айқасып ақыры оны жеңеді. Сол кезде денесіне тараған удан әлсіреп жартастан төмен құлай жөнеледі. Сол кезде жанұшыра жеткен Самұрық құс батыр жігітті жерге жеткізбей қанатымен қағып алады да жазық далаға апарып жерге түсіреді. Өзінің балапандарын құтқарамын деп жанын берген батыр жігітке жаны ашып жылап жіберген де көзінен тамған жас тамшылары жігіттің кеудесіне тамады. Батыр жігіттің бойына тараған у күшін жояды. Батыр жігіт көзін ашады. Самұрық: Сен менің балапандарымды жауыз жыланнан құтқардың батыр жігіт. Бұл жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын. Не тілегің бар?
Батыр: О, не дегенің Сен де менің өмірімді сақтап қалдың. Сол үшін саған мен қарыздармын. Мен осы жерге терек отырғазамын. Ол биіктігі аспанмен таласқан бәйтерекке айналады. Оның ұшар басына өз ұяңды салатын бол"-дейді. Содан бері Самұрық сол терек басына өз ұясые сал
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>