Құстар біздің досымыз

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

, бақытты балалармыз. Сондықтан Отанымызды қадірлей білуіміз керек !" -деп айтқан болатын. Ата апайым: -бүгін бақшада тәуелсіз мерекесі болады, атаңды қонаққа шақырамыз, ертіп кел-деген. Жүріңізші ата, барайықшы.
Әуен ойналып балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және балалар! 16-Желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік
25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік -ел тілегі" атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Атыңнан айналайын егемен ел.
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Тәуелсіздік- тәтті ұғым, қандай ғажап.
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы.
Асанали:
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Даулет:
Ән ұраным,жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны.
Әнұран әні орындалады.
Тәрбиеші: Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай ел?
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Қазақстан мемлекетінің рәміздерін атап беріңіздерші.
Балалардың жауаптары тыңдалады. Әнұран. Елтаңба. Ту.
Тақпақтар:
Алхамбек.
Рәміздерім-елдігімнің белгісі
Білу керек бала-дағы ең кші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба.
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Би: Қазақ биі.
Әуен ойналып Залға Саяхатшы келеді.
Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен саяхатшымын. Мен қаншама елді аралап келемін Бірақта сендердің елдеріңдей тамаша, ғажап елді кездестірмедім.

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: