br/> Ардақтай білуге тәрбиелеу.
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде немересі шығады. )
Немересі: Ата не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламады дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата," өткен өмір "деген не?
Атасы: Ә,балам өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихымыз емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым- кейінгі ұрпақ ұмытпаса
Айтылған аталардың аманатын.
-Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз барлық қазақ рухының ,үш жүздің басын қосып, сендердің жарқын болашақтарың үшін жаумен шайқасып жеңіске жеткен. Ата-
бабаларымыздың аңсағаны осы еркіндік, тәуелсіздік еді. Міне сол күнге жеттік. Сенің елің-Тәуелсіз Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің кәрісі де , жасыда көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Сондықтын балам сен де өз тарихынды білуге тиіссің.
Құс ұясыз,жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, балам.
Бала: Ата, бақшада апайым "Біз тәуелсіз ел перзенттеріміз, бақытты балалармыз. Сондықтан Отанымызды қадірлей білуіміз керек !" -деп айтқан болатын. Ата апайым: -бүгін бақшада тәуелсіз мерекесі болады, атаңды қонаққа шақырамыз, ертіп кел-деген. Жүріңізші ата, барайықшы.
Әуен ойналып балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және балалар! 16-Желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік
25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік -ел тілегі" атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Атың
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>