Сиқырлы саздың сырын ұққан

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ың кәсіби шеберлігі, адамгершілігі, берген тәрбиесі жайында шәкірті , қазіргі таңда ұстазының жолын қуған, Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының оқытушысы Нұрлан Далбаев балалық шағын еске ала отырып, ол туралы:
Мен Сапиолла ағамен 1958 жылы К Байсейітов атындағы мектепке оқуға келгенде таныстым. Қабылдау комиссиясында жас, талантты педагог, өте тамаша виолончелист Жакеевтің сыныбына қабылданғанымды айтты. Сапиолла аға бұл кезде Алматы консерваториясын табысты аяқтап, Новосібір консерваториясында тек үздіктердің үздігі қабылданатын әйгілі Григорий Пеккердің алдынан тәжірибеден өтіп келген кезі болатын.
Жакеевтің класында мен, Ирина Грибкова, Кенжебай Андарбаев, Анваржан Рахимжанов болдық. Ағай әрқайсысымызбен жалықпастан жұмыстанатын. Ешқашан дауыс көтермейтін. Аса байыпты, мейірімді болатын. Әуеннің ырғағына, екпініне аса көңіл бөлетін. Ағай өзі шығармаларды әдемі, әуезді етіп ойнайтын және әрқайсысымыздың қабілетіміз әр түрлі болғанына қарамастан, бізді де солай ойнауға үйрететін.
Біз мектепті бітірерде мемлекеттік емтихан қабылдауға арнайы училище оқытушылары М. Р. Полевой мен Нурбаев Ақан келді. Олар біздің орындаушылық шеберлігімізге таң қала, ағайға алғыстарын білдірді. Бізге нота сыйлады
Консерваторияның оқытушылары Ф. Д. Мавриди, Я. М. Фудзиман- дардың өздері де:
Жакеевтің мектебін: оның саздылығын, мәдениетін, қол қойысын (постановка)бірден тануға болады,- деп риза болатын. Ол осындай шеберлікті бізге де дарытты,-деп тебірене еске алады.
Сапиолла Молдағалиұлының сол алғашқы шәкірттері бірнеше рет Республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды.
Кейіннен марқұм Кенжебай Андарбаев Мәскеу консерваториясының аспирантурасын бітіріп, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры,

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: