де орындалған тамаша солоға құрмет көрсетіп, Сапиолла ағайды орнынан тұрғызып,тыңдарман қауым қошемет білдіріп, ұзақ қол соғатын.
Сондай-ақ Қазақстандағы И. Коган (1 скрипка), А Толғанбаев (2 скрипка), Я. Фудиман (альт), С. М. Жакеев (виолончель) құрған алғашқы ішекті аспаптар квартеті жеке және Қазақстанның камералық оркестрімен бірге шығармалар орындауда орасан зор табыстарға жетті. Ол туралы 1965 жылғы қазан айындағы "Қазақстан пионері" газеті былай деп жазған болатын:
Мәдениет министрлігі мен қазақ мемлекеттік филармониясының ұсынысы бойынша кәсіби ішекті аспаптар квартеті құрылды. Оның құрамында: Иосиф Коган (1-скрипка), Айткеш Толғанбаев (2-скрипка), Яков Фудиман (альт), Сапиолла Жакеев (виолончель) сияқты өнер шеберлері бар.
Бұл квартет негізінде үлкен тәжірибеге, тамаша шеберлік тәсілге құрылған. қай инструмент ойынын алсақ та, даралық жоқ, үндестік, сұлулық бар. Репертуарға классик композиторлар Бородиннің, Чайковскийдің, Моцарттың, Бетховеннің, совет композиторлары Шостаковичтің, Ғазиза Жұбанованың, Ерзаковичтің квартеттері мен қазақ пьесалары енгізілген. Орындаушылар бағдарлама стилінің қиындығына қарамастан берілген шығармаларды сезіммен өте еркін ойнай алады. Бұл жаңадан құрылған ансамбльдің халыққа эстетикалық тәрбие беруде үлкен рөл атқарғаны сөзсіз.
1958 жылы Сапиолла Жакеев Күләш Байсейітова атындағы мектепке келіп, осында аттай 13 жыл аянбай тер төкті. Бұл оның кәсіби шыңдалуының елеулі кезеңі еді. Осы мектеп қабырғасынан шыққан оның Кенжебай Андарбаев, Нұрлан Далбаев, Ирина Грибкова сынды шәкірттері кейіннен Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары атанды. Осылай Сапиола Молдағалиұлының тынымсыз еңбегінің арқасында қазақ жерінде алғашқы виолончель мектебінің негізі қаланып еді.
Ұстазын
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>