Сиқырлы саздың сырын ұққан

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

лмамедов- Астана қаласындағы музыка, өнер институтының профессоры, А. Құлжанова-Астана қаласындағы Қазақ өнер университетінің "Ішекті аспаптар" бөлімінің меңгерушісі.
Ішекті аспаптар бөлімін бітірген түлектері Мемлекеттік симфониялық оркестрде, Қазақстанның камералық оркестрі және балет театрына, Астанадағы өнер университетінде еңбек етуде.
Қарашаңырақ - Жұбанов мектебінде де Сапиолла Молдағалиұлының өнегелі ісін жалғастырушы "Ішекті аспаптар" бөлімінің меңгерушісі А. Джолмухамедова , ұстаздар: Н. Далбаев, М. Буенбаев, Г. Буенбаева, М. Керимбаев, С. Елемесова, директордың музыка ісі жөніндегі орынбасары-А. Эмреева шәкірттерге терең сапалы білім беруде.
Бүгінгі таңда Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің директоры және облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Кеулімжай Ботабаев ұстазы жайында былай деп еске алады:
Ағайдың бір қасиеті, мінезі жұмсақ және шыншыл болатын. Оқушыға дауыс көтермейтін. Дайындалмай қалған кезде сәл ренжіңкірейтін. Осы ренішінің өзін ұрысқанымен бірдей қабылдайтынбыз.
Әлі есімде, мектебімізге шетелдерден көптеген қонақтар келетін. Келген қонақтардың алдында ағай мені шақыртып, виолончель ойнататын. Сірә бұл шәкірті үшін мақтанатын ұстаздың алғаусыз ақ көңілі болса керек. Қазақ музыка мәдениеті мен қазақ балаларының кәсіби музыкалық білім алуы жолында аянбай еңбек еткен ұстазымды қашанда ерекше сезіммен еске аламын. Қазақстандағы виолончель мектебінің жоғары дәрежеге көтерілуіне оқытушым Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевтің зор үлесі бары- бүгінгі күннің ақиқаты.
Қазіргі таңда Еліміздің симфониялық оркестрін Айман Мұсаходжаевасыз елестету мүмкін емес. Атақты скрипкашы Мемлекеттік сыйлықты алғанда, оны өзінің ұстаздары Нина Патруш

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: