Сиқырлы саздың сырын ұққан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

келеді. Нан таситын Надя Назарова дейтін флейташы қыз бен қазіргі белгілі Халық әртісі Роза Жаманова. Олар нанды алып келіп үлестіргенше, интернаттағы балалар нанды күтіп сыртта жүреміз.
Тағдырдың салғанына қажымаған Сапиолла музыкалық училищені бітіріп, 1954 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияға оқуға түседі. 1959 жылы консерваторияны бітіргенде ол әйгілі қазақстандық скрипкашы Айткеш Толғанбаевпен бірге мемлекеттік бағдарламаны симфониялық оркестрде алғашқы орындаушылардың бірі болды. Студент бола жүріп,1958 жылдан бастап артист болып, кейіннен Мемлекеттік симфониялық оркестрде концертмейстер болды.
Ол жайлы жерлесіміз, Сапиолла ағайдың өнердегі үзеңгілес достарының бірі-білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артист, профессор, Дүниежүзілік , халықаралық гобойшылар ассоциациясының мүшесі Темір Ғабдолұлы Тікішев өз естелігінде былай дейді:
Біз Сапиолла ағай екеуміз бір ауылда өстік. 1950 жылы музыкалық мектептің виолончель сыныбына түскенімде, менің алдымнан Сапиолла ағай шықты. Ол менің арнайы пән бойынша ұстазым болды. Сапиолла ағай мен А. Б. Брокмиллердің сабақтары әлі есімде, олардың аспапта ойнауы ерекше мазмұнды, сырлы, терең сазға толы болатын.
1962 жылы Алматыға келгенімде, Сапиолла ағай Мемлекеттік симфониялық оркестрде виолончелистер тобының концертмейстері болып қызмет атқарып жүр екен. Ол кезде көптеген концерттер оның қатысуынсыз өтпейтін. Сол концерттерде Штраустың "Тиль Уйленшпигель", "Дон Кихот", Ф Листің "Тассо", "Прелюды" симфониялық поэмаларын орындау барысында Сапиолла ағайдың кереметтей солосының талай рет куәгері болдым. Гинзбург, Элиасберг, Мансуров, Шаргородский сынды атақты дирижерлардың өзі әр орындалған концерттен кейін, виолончель

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: