А. Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған орта білімді музыкалық мектеп-интернаттың директоры болды.
Анваржан Рахимжанов-Өзбекстандағы жетекші виолончелистердің бірі болды. Қазіргі таңда "Виртуозы Узбекистана"камералық оркестріне жетекшілік етеді.
Нұрлан Далбаев- аспирантурадан кейін көп жыл Чайковский атындағы музыкалық колледжде еңбек етті. Қазіргі таңда А. Жұбанов атындағы РМОБМИ- да сабақ береді. Сондай-ақ симфониялық оркестрдің артисі болып музыка саласына өзіндік үлесін қосып келеді.
1964 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты ашылды. Директоры болып Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры, белгілі кернейші- Түркістан Мақсотұлы Өзбеков тағайындалды. Ол Ахмет Жұбановтың ақыл-кеңесімен мектептегі виолончель мен контрабас бөлімінің меңгерушісі әрі оқытушысы болуға С. М. Жакеевті арнайы шақыртады. Бұл да болса шын шебердің өнеріне деген құрмет әрі сенім білдіргені болса керек.
Дарабоз виолончелист, ұлағатты ұстаз бұл мектепте зейнетке шыққанға дейін еңбек етті. Осы жылдар ұстаздың виолончель сыныбына қабылданған әр баламен жалықпастан тынымсыз тер төкен жылдары болды. Қазақстанның әр түкпірінен музыкаға деген жүрегінде шырағы бар әр баланы шыңдап шығару тек осындай ұстаздың ғана қолынан келетін еді. Оның мектебінен шыққан Мұса Керімбаев, Мақсат Закиров, Айжан Кұлжанова, Кеулімжай Ботабаев, Ернар Мынтаев, Мұхамет Буенбаев т. б. көптеген оқушылары Республикалық, Халықаралық конкурстардың жүлдегерлері болып, қазіргі кезде Республикаға танымал музыка өкілдері ретінде белгілі.
С. Жакеевтің шәкірттері: Арыстанбек Мұхамедиұлы Алиев- қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі, Ернар Мынтаев-Қазақстан мемлекеттік квартетін басқарса, Р. Ку
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>