Сиқырлы саздың сырын ұққан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нып, сол кеткеннен оралмады. Тек 1950 жылдары ақталды. Зұлмат жылдар ел еңсесін көтермей жатып соғысқа ұласты. Тағы сол тауқымет, жоқшылық. Ал Мәдинаның жалғыз арманы-қайткенде жалғыз ұлды тірі алып қалу. Одан айырылса, онда Молдағали әулетінің түтіні мүлдем өшкелі тұр. Сапиолла Жакеевтің қызы Гүлнара Жакеева әкесі туралы былай деп сыр шертеді:
Әжеміз әкемді музыкалық мектепке бергенде, музыкалық білім алсын деп емес, көзінің қарашығындай тірі қалған жалғыз ұлының жоқшылықтан жаман жолға түспесін, аштықтан аман қалсын деп берген тәрізді. Себебі ол жылдарда ауылда өмір сүру өте қиын болатын.
Алайда әкемнің бағына қарай тағдыр оған Алексей Борисович Брокмиллердей керемет ұстазды тап қылады. Тамаша музыкант, зиялы қауым өкілі, талантты педагог Алексей Борисович оқушысының музыкаға деген құштарлығын оятып қана қойған жоқ,оған дос әрі тәлімгер бола білді.
Оларды ортақ тағдыр қосты. Саяси сенімсіз ұлт өкілі ретінде жер аударылған ұлттардың өкілі саналған ұстаз бен "халық жауының ұлы" шәкірт арасындағы достық өмір бойы үзілген жоқ.
Сөйтіп ауыл баласы өмірі көрмек түгілі, атын естіп көрмеген, қазаққа таңсық виолоньчел аспабының қоңыр үнін жүрегімен елти тыңдап, аш құрсақ жетім көңілін жұбатты ма кім білсін, аспабын ертелі кеш әлдилеп, бейтаныс өнердің қыр-сырын үйрене берді. .
Соғыс жылдары Орал қаласының музыкалық училищесінің интернатында бірге оқыған Дариға Мұхамбетжанқызы Мұстақова ол жылдарды былай деп еске алады:
Сапиолла өте жақсы оқитын, сондай ұқыпты, қабілетті, алғыр, өте адал, нәзік, бойы ұзын сары бала болатын. Оралдың қыс мерзімі суық, әсіресе 1943 жылы қыс қатты суық, аяз болды. Интернаттың тамағы- "манная ботқа", 400 гр қара нан, бір бөлшек ащы балық. Нанды ересек қыздар таңмен кезекке тұрып, өздері қаппен көтеріп ә

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: