нша хрестоматиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың, не қосымша еңбектердің, арнайы жабдықталған кабинеттердің, т. б. жетіспеуі - шетел тілін жоғары оқу орындарында жүйелі оқытуда қайшылықтар тудырып отыр. Олар: тек теориялық мағлұматтардағы оқу материалдарын толық көлемде беруі, практикалық іс-әрекеттерге (тілдік қарым-қатынасқа байланысты) қатысты іскерліктерді игермеуі, т. б.
Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Кейбір зерттеушілер оны "өзгеріс" деген терминмен анықтайды. Соның бірі И. П. Подласый ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналшылар, содан кейінгі кездерде педагогтар "инновация" сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) - бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация білім берудегі (мектептегі) құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.
Н. Ф. Талызина және т. б. инновация өзінің дамуы барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық: тарату және жойылу - деп айта келе, инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технология, ойын технологиясы, жоба әдісі-деп
Страницы: << < 34 | 35 | 36 | 37 | 38 > >>