ақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы деп, даярлықты мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық құраушылардың мектеп оқушыларын шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге білімдері мен іскерліктерінің жиынтығын, оларды практикада қолдана білуімен анықталатын кәсіби мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын күрделі біртұтас білім" - деп білеміз.
Біздер педагог-ғалымдардың еңбектеріне негіздей отырып, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған сапасын қалыптастыруды жүзеге асыратын нобайын құрастырдық (Сурет 1).
Нобайда қарастырған критерий болашақ маманның таңдаған мамандығына ұмтылысынан туындады. Критерий (грек сөзінен алғанда - пайымдау үшін құрал), белгі, сының негізінде қандай-да нәрсені бағалау, анықтау немесе жіктеу жүргізіледі; баға өлшемі. Психологиялық, педагогикалық түсіндірме сөздікте критерий ". . . бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсібір құбылысты пайымдау, бағалау өлшемі. Педагогикада белгілі бір құбылыстардың критерийлерін талдап-белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнінің өзі күрделі және көрістері сан алуан"-деп оның қиындық тудыратын жақтары айтылған.
Шетел тілін оқытуда болашақ мұғалімдердің пәнді оқытудағы практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз ету қажет. "Бағыттылық" ұғымы "қандай да бір мақсатқа бағытталған ойдың, қызығушылықтың топтастырылуын түсінеміз". Шетел тілін оқытудағы
Болашақ мұғалім даярлығының критерилері (өлшемдері)
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған даярлығының көрсеткіштері
М о т и в а ц и я л ы қ компонент
<
Страницы: << < 36 | 37 | 38 | 39 | 40 > >>