топтастырып көрсетеді.
Келтірілген талдаулардан ұғатынымыз "жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдаланатын педагог іс-әрекетінің өзгерісті (жаңалықты) алгоритмі" - деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың білім беруші-теориялық, практикалық және тәрбиелеушілік аспектісі бар екендігін көруге болады. Дегенмен, зерттеуге сәйкес мұғалімнің барлық даярлық аспектілерін қарастыру мүмкін емес, сондықтан шартты түрде жұмыста мұғалімнің академиялық, конструктивтік қабілетін түзетін пәндер және аталмыш пәндерді оқыту әдістемесі бойынша даярлығын құраушылар қарастырылады. Бұл даярлық құраушылары мұғалім мамандығының профессиограммасында міндет-ті көрініс табады. Сондықтанда болашақ маманды даярлау оның профессиограммасы тұрғысынан зерттелуі тиіс. Профессиограмма маманның кәсіптік іс-әрекетіне сәйкес "паспорт" ретінде сипатталады.
Модель деп (латынның сөзінен аударғанда - өлшем, үлгі) зерттеуде қиындық тудыратын немесе мүлдем мүмкін емес құбылыстар (заттарды, үдерістерді, жағдайларды және т. б. ) зерттеу үшін басқа ұқсас құбылыстарды (затты, үдерісті, жағдайды және т. б. ) жасанды құрастыру түсіндіріледі. Модель (лат. modulus -үлгі, өлшем) нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т. б. ) болып табылады. Бұлар негізінен нобайдың сандық сипатын анықтайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізінде зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес "Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болаш
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>