қамтамасыз ететін негізгі тақырыптар төмендегілер болып табылады: курстың сөздік тақырыптары (қазіргі қоғамдағы отбасы; қазіргі заманғы үй-тұрмыс; еліміздегі және шетелдердегі студенттердің оқуы мен өмірі; оқып-үйренетін тілдің елдері мен Қазақстандағы интернационалдық және ұлттық мерекелер; адам өміріндегі табиғат, жыл мезгілдері, оқып-үйренетін елдің және Қазақстанның климаты; қазіргі заманғы адамның киімдері, дүкендегі сатып алу, қазіргі заманғы мода); сөздік іс-әрекет түрлері бойынша жұмыс мазмұны мен қорытынды талаптар (әңгімелесу, диалогтық сөйлесу, монологтық сөз (аудирование, оқу), жазу және жазбаша сөз), т. б.
Орта мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны төмендегі элементтерден тұрады: тақырыптар (денсаулық, білім, жағрафия және қыдыру, жол жүру, т. б. ); тілдік материалдар (лексика, грамматика), т. б.
Жоғары оқу орындарындағы пән бағдарламаларының мазмұны мектеп қабырғасындағы оқытылатын шетел тілі пәнімен байланысын, сабақтастығын және мектеп қабырғасындағы тақырыптарға сәйкес оқу тақырыптарын (оқу материалдарын) бір пән толық қамти бермейтінін көруге болады.
Зерттеуде байқағанымыз аз пайыз студенттер ғана шетел тілін оқытуға дайынмын деген ойын білдірді. Оның себептерін кейбіреулері оқыту әдіс-тәсілдерін білмейтінін жазса, кейбірі ағылшын тілінде еркін сөйлеудің толық мәнді игермеуін айтады, кейбіреулері мектептің оқу пәні бағдарламаларымен, оқулықтарымен жұмыс жасамағандығын мазмұндайды. Ал, шамамен 29 студент өзіне шетел тілін оқытатын оқытушылардың оқыту әдістемесіне қанағаттанарлық ойда еместігін білдірді.
Студенттермен жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау шет тілі мұғалімдерін кәсіби даярлау бойынша жоғары оқу орындарында шешілмей жатқан бірқатар мәселелердің барын аңғартады. Олардың ішінде, бағдарламаның бағыттары, бөлімдері бойы
Страницы: << < 33 | 34 | 35 | 36 | 37 > >>