әтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінде оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
"Жаңа педагогикалық технология" сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен "технология" ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек.
Педагогикалық, психологиялық сөздікте "Педагогикалық технология - педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі" болып табылады деп мазмұндалған.
Н. Ф. Талызина оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің, Қ. Жанпейісованың және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің өзі төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық мақсат аясында), т. б.
Қазіргі уақытта болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап даярлығын
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>