а қан мен ауа арасында газ алмасу жүреді. Сыртқа өкпе демтүтіктер арқылы ашылады. Анағұрлым қарапайым өрмекшілерді жұп өкпе кітапшасынан, ал дамуы сатысында жоғары тұрғандарда бүкіл денесіне таралған трахеялармен алмасқан.
Зәр шығару жүйесі құрсақ қуысындағы мальпигий түтікшелерінен тұрады, ұштары ішекке ашылады.
Жүйке жүйесі жәндіктерге ұқсас. Ол құрсақ тізбегінен тұрады, тізбектен әрбір мүшеге тармақталып кетеді, жүйке талшықтары жұтқыншақасты жүйке түйініне шоғырланады, жоғарғы жағынжа жұтқыншақ үсті жүйке түйіні "ми" орналасады. Педипальптарында және жүретін аяқтарында сезім талшықтары орналасқан.
Берілген сызбанұсқа бойынша өрмекшәтіріздестердің мүшелер жүйесін анықтаңдар.
Өрмекшілердің көбеюі мен дамуы.
Өрмекшілердің көбеюі өте күрделі, сонымен қатар ол қайғылы аяқталады, себебі көп жағдайда аталық өрмекші аналық өрмекшіні ұрықтандырғаннан кейін тіршілігін жояды. Аталық өрмекшілер әдетте аналық өрмекшілерден кіші болып келеді, сонымен қатар басқа да айырмашылықтары бар, мысалы: түсінің ашық болуы, алдыңғы аяқтарында аталық сперма сақталатын безшелерінің болуы. Ұрықтану процесі қарапайым, аталық безшелерінен бөлінетін спермамен аналық жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады. Жиі болатын құбылыс, аналық ұрықтанғаннан кейін аталықты жеп қояды, кебір аталықтар қашып құтылады, кейбірі бағынады. Аналық өрмекшілер түріне қарай бірден бірнеше мыңдаған жұмырқаға дейін салады. Аналық жұмыртқаны өздері жасаған ожауға салады, сондан кейін оны өрмектен жасалған пілдеге орайды. Ішінде жұмыртқалар жұмсақ мамыққа орналастырылады, сыртынан жыртқыштардан сақтайтын қаттылау қабатпен қапталған. Ең соңында аналық пілдені өзінің денесіне бекітеді немесе бір қалтарыс жерге тығады. Жұмыртқадан шыққан жас өрмекшілерөте дәрменсіз, олар қорғана алмайды, өрмек тоқ
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>