малар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын (күшіне енгізілгесін) пайда болды. Онда рентаға (рента) шартына 517-539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормалардыда қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді.
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптан (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзгеде нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.
Барлық тізіліп айтылған жағдайлардан басқа реттерде ренталық қатнастарға азаматтық құқықтағы диспозитивтілік реттеу толығынан тарайды. Шарт мазмұнына қатысты, үшінші тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделерді және имперсивті нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптардың өз қалауымен бекітіледі. Рента ешқашан нақты уақыт шегімен анықталмайды. Бұл шарттың мәнісіне қатысты нәрсе. Сондықтан тараптар рентаның төлену мерзімін келісіммен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзгеде шектеулер болуы мүмкін.
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері
Шарттың ұғымы рентаның экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншік қатынастары) өз кезегінде материалдық игіліктерді белгілі тұлғалар иеленетінімен немесе материалдық игіліктер (заттар) біреуге жататынымен сипатталады. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші – ағымды (қозғалыс) күйі де тән болып келеді және айта кететін болсақ, ренталық қатынастардың осы күйін ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.
Мүліктің қозғалысы (айнал
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>