Рента және өмір бойы асырауда ұстау

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ыз етуге болады, бірақ осы да аса қажеттілік болмау мүмкін.
Рента төленуі үшін жылжымайтын мүлік берілетін болса, заң міндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрін тікелей анықтамайды. Бірақ, әрине, бұл реттерде ең тиімді болып келетін тәсіл бұл рентаға берілетін немесе өзге мүліктің кепілі. Рента төленуін қамтамасыз ету міндеті баламалы болып келеді. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушісі бұл міндеттемелерін орындамаудың немесе тиісті орындалмаудың қаупін рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау қықығы рента төлеушісінде болады, бұл баламалы міндеттеме орындалуының жалпы ережесіне сәйкес келеді (ҚР АК 285-бап).
Ренталық міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Азаматтық құқыққа жауапкершілікті қарастыратын нормалар әрқашан міндетті болып келеді, жауапкершілікті қолданудан бас тарту, туралы келісімдер жарамсыз болып келеді (ҚР АК 8-бабы 2 тармақ). Нақты рента шартының өзінде оны орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар, ҚР АК 522 бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершілік (шарттық міндеттемелерді орындамаған үшін) туралы жалпы ережелер қолданылады.
Рента төлеу мерзімін өткізіп алған рента төлеуші ҚР АК 522 бабына сәйкес тұрақсыздық төлемді (айыппұлды) төлейді, ол ҚР АК 353 бабына сәйкес өндіріледі. Біздің пікіріміз бойынша 522 баптың мағынасы көрсетілген айыппұлды бір бөлігінде азайтуға немесе одан толығынан бас тартуға болады. Жалпылама бұл норманы қарастыру қажеті жоқ сияқты, себебі тікелей 353 бапты қолданса да болар еді. Аздаған ерекшелік рента, ақшалай төлем емес, заттай асырау болып келетін жағдайларда пайда болады. Бұл орын алса, айыппұл заттай асыраудың ақшалай бағалануына сәйкес өндіріліп алынады.
Рента қарым-қатынастарын реттейтін әмбебап нор

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: