лдерді қолдану
"Бала естігенін айтады, көргенін істейді" - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.
Балабақшада алынған тәрбие мен білім - барлық тәрбиенің іргетасы. Қазіргі таңда балабақшада, мектепке дейінгі басқада ұйымдарда тәрбиенің көптеген әдіс-тәсілдері жетерлік. Дегенмен, салт-дәстүрімізде орын алған тәрбие әдістері өз маңызын жойған жоқ. Керісінше ,уақыт өткен сайын құн дылығы артуда.
Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататын: балаларға арналған өлең - жырлар, санамақтар,ертегілер, жаңылтпаштар, мақал мәтелдер, халық ойындары бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға және имандылыққа ,әдептілікке үндейді.
Балалардың тілінің дұрыс қалыптасуына, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында халық ауыз әдебиетінің тигізетін әсерлері мол. Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі - мақал-мәтел, нақыл сөздер.
Шешендік өнер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; Мақалдарды атадан бала қайталап, басынан кешірген алуан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған киелі ойдың қортындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деуге болады. Жас ұрпаққа арналған қазақтың мақал-мәтелдерінің, нақыл сөздерінің мән- мағанасыны тереңнен толғайды.
Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дәл тиюді үйрену үшін ежелгі мақал сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете меңгерудің мәні зор. Өйткені халық
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>