, көнеден сақталып келе жатқан, сұрыптала, сұлулана түскен асылдарды сақтаушы да - қарапайым халық. Сонымен, өткен замандарда жасаған сал-серілер мен ақылмандарымыздың бізге қалдырған ой-парасат, мирасы даңғыл жол сияқты екен.
"Әкесіне қарап ұл өседі, шешесіне қарап қыз өседі", "Әкесіне қарап, ұлын сына" деген мақалдардың ұлағатына көз жіберіңізші. Өзіне тартқан өнегелі ұл өсіре алмаған әке ұятты, ал абыройлы әкеге тартып өсе алмаған жасық, болбыр ұл да ұятты деп тұрған жоқ па?
"Тектей білген екшей де біледі" демекші, адам танумен шұғылданған, ертедегі өткен ата-бабалар қасиеттерін түптеп зерттеген кісі бүгінгінің жақсысы мен жаманын саралай алады, өзі де терісінен түңіледі, безеді, тектісіне еліктейді, өзгелерді де еліктіре ертеді.
"Білімсіз бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді" . . . бұл да бір ақылды мақал. Надандар, намыссыздар әке-шешесін ғана емес, бүкіл жұртын жерге қаратады. Ендеше, осы сияқты мақал-мәтелдерде тәрбиелік мән, мазмұн тұнып тұр.
"Азамат - елдің ажары" деген ақылды мақалды оқушыға қайталаудан жалығуға болмайды, себебі балаға кішкентай кезінен бастап-ақ елдіктің еңсесі ер азаматтарымен биік екенін құлағына құя берудің несі артық?! "Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас", "Арманменен ер - сұлу, орманменен жер - сұлу" деген мақалдар бүгіннің ығында ғана бүкжеңдей беруге болмайды, ертеңді де ойлау керектігін, сонда ғана алға жылжуға болатынын меңзейді. Бұл ойды "Арманды адам - пәрменді" деген мақал нықтай, нақтылай түседі.
"Ананың алдында асқар тау да аласа", "Ана - өмірдің қайнар бастауы", "Ана болған дана болады", "Ана - бала бақытының бағбаны" деген мақалдар кімге болсын ана алдындағы парызды
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>