даналығы: мақал - мәтелдерде сөз мәйегі, ойдың ұшқыр айтудың үлгілері молынан кездеседі.
Шешендік сөз парасатты ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшандық.
Шешендік өнерге баулу арқылы баланың ойын терең жеткізу үшін; теңеу, салыстыру, бейнелі суретпен салыстыру, оқиғаларды айтып жалғастыру, жанрларды жаттап өз өнерлерінде қолдану, әңгімедегі сөздерді мақал-мәтелге келтіру, шешендік өнердің бай тілін көрсетіп өмірлік оқиғаны сипаттау, ақындық сөз арқылы салыстыру, мақал - мәтелдер шығару, мақал - мәтелдерді жалғастыруға үйрету.
Теңеу, салыстыру арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды.
Мысалы:Ең тәтті де-тіл,
Ең ащы да - тіл.
Ең жұмсақ та - тіл.
Ең қатты да - тіл.
Қызыл тілден -
Қан да тамады,
Бал да тамады.
Бұнда тілді теңеп тұр.
Алтын бала дегенді алтынға теңеп тұр.
Шешендік өнердің мақал -мәтелдер жанры.
Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің алатын орыны ерекше. Балаға айтатын ақыл-насихат, өнеге- өсиет әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек. Қазақтың мақал-мәтелдердің көбі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылыққы баулып, жақсы мен жаманды, ерлік пен ездікті, салыстыра сөз етіп, адам өмірінде неден жиренуді керектігін аңғартады.
Тіл дамыту білім бөлімдерінде мақал- мәтелді үйретуде өте тиімді. Мәселен, шағын әңгімені мақал- мәтелдерге келтіру, мақал-мәтелге ұқсас шағын көрініс қою. Мұнда баланың тілін, ойлау қабілетін, тапқырлыққа баулиды.
Қорытынды
Қазақ ауыз әдебиеті-талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас байлық, асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік, тар
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>