ақтаудың биік маңызын ұқтырып тұр. Ержеткен ұл, бойжеткен қыздың ешбір жарғымен бекітілмеген, халық өзі шығарған заңында аталған парызы бар. Ол: "Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет". Ана парызын өтеуден артық құрмет, ата парызын өтеуден асқан қызмет жоқ екенін ұғындырып тұр бұл мақалдар. "Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды" деген мақалды алайық . . . Халық әдетте қамқорлықтың ұсақ-түйектен-ақ көрініс табатынын осылай ескертеді. "Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды" деген даналық өте сыпайы айтылса да, өткір айтылған айып. "Әкеңнің төріне сенбе, маңдайыңның теріне сен" деген мақалдың тәрбиелік мәні ешкімге иек артпа, өз күніңді өзің көруге машықтан, ешкімге масыл болма, адал еңбегіңмен дәм-тұзыңды ақта, теріңді төгіп тапқан еңбегіне ғана сен дегенге саяды.
"Көпке пайдаң тисе, төбең көкке тиер" деген мақалдың тәрбиелік мәні ашып көрейік. Кез келген адамның өзіне бұйырғаны тек өзінің ғана игілігі емес екені белгілі. Жеке азамат тағдырының мәнділігі қалың қауымға тигізетін себімен, көмегімен өлшенетіні де даусыз. Ендеше көпке тигізген пайда арқасында кім болса да құрметке ие болатыны да айғақ нәрсе екені ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін сияқты. "Ағайын азарында алыстанар, ағадан жөн сұрауға намыстанар" деген мақал бар дана халқымызда. Бұдан ұғынатынымыз жамандыққа сүйрейтін мінездің бірі жалған намысшылдық екен. "Өзім білем", "Мен сенен кеммін бе?" - деп, көкірек қағу, омырау соқтық орға жығумен тынатынын сезу қиын емес.
Халқымыздың кемеңгерлігін дәлелдейтін даналық сөздерді бір еңбектің аясында түгесу мүмкін емес.
4. Балабақшада бала тілін дамытуда мақал-мәте
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>