Развитие речи детей при помощи устного народного творчества

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

елетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан түрлі ойын ойналған және олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен бірге жасап, толықтырылып отырған. Алғашқыда балалар үлкендердің көмегімен, кейін біртіндеп тәртібін өзгерте келе, сөздерін өздері шығарып, айта бастаған. Бұл ретте баланың білегін, алақанын, саусақтарын ұстап, түрлі қимылдар жасап, арасында қытықтап отырудың мәні зор. Оларға: "Саусақ санау", "Бес саусақ", "Қуырмаш" т. б. Мінеки жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше.














2. Баланы тәрбиелеуде мақал-мәтелдердің мәні
"Тәрбие тілден басталады" дейтін халқымыз ана омырауынан ажырамаған кезден-ақ бөбегің ана тілінің ақ уызымен ауыздандыра бастау керектігін, ана тілі - адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы екендігін меңзеп отыр.
Қазақтың халық педагогикасы - ғасырлар бойында қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым. Халқымыз "Мақал - сөздің мұнарасы" деп, халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына осындай бағаны өзі берген. Мұнара биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына мезгейді. Мақал-мәтелдің озық-артықшылығы ойды сығымдап, нақышты әрі әсерлі, санаулы сөзбен әрі өткір, әрі мәнді айтып, суреттеуінде. Халық өзінің тәлімгерлік трактаттарын мақалдар мен мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Бір естігеннен жадыңда қалады, тәлімгерлердің де, тәрбиеленушілердің де жаттауына оңтайлы, жеңіл. Және бір ғажабы, өмірдің өзі секілді желісі үзілмей, өркен жайып, жыл асқан сайын жемісін елге ұсынып отыратын даналық көзі мақал-мәтелдер өз қатарын қалыңдатып отырады. Жаңа дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақал-мәтелдердің иесі де

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: