інің міндеті - оларды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес лайықты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі қазақ халқында, өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылтпаштар бар екенін жақсы білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты құралы - жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт. Тіл дамытуда жаңылтпаштарды қолданудың маңызы төмендегі міндеттерді шешуге әкеледі: жаңылтпаштарды тәрбиеші балаларға жаттатып, сабақты бекітерде, бой сергіту сәтінде қолдана білгені жөн. Шуақтаған ботамды
Суға апарып шудаладым.
Шудалаған шудасын
Суға салдым.
Суға малдым,
Судан алдым, -- деп келетін жаңылтпаштардың маңызы ерекше.
Рухани-адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білу, өмірлік жағдайлар туралы түрлі әңгімелер құрастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу, оқыған мәтінді және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады. Тәрбие жұмысында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ түрлі қуыршақтарды да пайдалану тиімді. Сонымен қатар балалардың ішкі жан дүниесіне әсер ететін жүрек (көңіл-күй) тәрбиесін дамытудың жолдарын да қарастыру абзал. Ол үшін баланың мінез-құлқын және отбасы мүшелерінің көңіл-күйін бейнелейтін суреттерді алдын ала дайындаған жөн. Балаларды айналамен, табиғатпен қарым-қатынас орнатуға баули отырып, оларды өзін-өзі құрметтей және бағалай білуге баулудың мәні зор. Өйткені өзгелерді және өзін құрметтеу арқылы жауапкершілікті сезінеді. Ал бұл қасиеттер дамымаса, балалар өсе келе түрлі қиыншылықтарға тап келіп, келеңсіз жағдайларға ұрынуы мүмкін.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы -- ойын өлеңдері. Тілі шығып, сөйлей бастағаннан, кәм
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>