Развитие речи детей при помощи устного народного творчества

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға жаңылтпаштар өте тиімді, серуен кездерінде бірнеше қайталап айтсақ табысы мол. Балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен шолжан балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Сәбидің тілі шығып алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой-қиялы дамиды. Жаңылтпашты айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін ескеремін. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек Бұл жастағы балалар неғұрлым жаңылтпашты көп білсе, соғырлым олардың тілі тез ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса, сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгереді. Сонымен қатар сөздерді бұрмалап айтпау үшін ойын айқын да дәл сөйлеуге жаттықтырады. Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, оларды айналасындағы неше алуан көріністермен, өмірмен таныстырады. Балаларды жалықтырмау үшін жаңылтпаштың сөздері қызықты, күлдіргі және ұйқасты болып келеді. Балалардың жаттап айтуына оңай да жеңіл тиеді. Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен бірге дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. Жаңылпаштарды тіл дамыту құралы десек, тәрбиеш

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: