әсілдерді сарапталады. Сол принциптерге сүйене отырып, кіші оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады. Мына шарттар ескерілуі керек: қарым-қатынас мәдениетін қалып - тастыру мақсаттары мен міндеттерікіші оқушылардың қызығушылығы мен қажеттері, қоршаған әлеуметтік жағдайлар, қарым-қатынас жасау деңгейлері, күтілім нәтижелері, оқытушының өз басының мүмкіндіктері.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін оқу орындарында жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісінде әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды шешуде ұстаздың педагогикалық шеберлік қызметі үлкен рөл атқарады. Өйткені, бүгінгі күн жаңашылдықты талап етіп отыр. Сондықтан, ұстаз жалпы ұжымдағы, оқушылар арасындағы психологиялық ахауалды зерттеу, қарым-қатынас шеберліктерін ұштау, ата-ана, мұғалім, бала арасындағы қатынас шеберліктерін ұштау, соған орай қажетті кеңес беру секілді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Біздің мектеп, осы мақсатта игі істер атқарып келеді десек, артық айтқаным емес.
Жыл басынан бастап оқушылардың танымдық ерекшеліктерін анықтап алуды жөн көрдік. Өйткені, танымдық ерешеліктерін білмейінше ұстаз оқушылармен еркін қарым-қатынасқа түсіп, оқушылармен бірлікте жұмыс істей алуы мүмкін емес. Оны анықтау мына түрдегі таблица бойынша жүргізілді.
Оқушылардың танымдық ерекшеліктерін анықтау кестесі
Аты-жөні
Темпераменті
Мінезі
Зейіні
Қабылдауы
Есте сақтау
Оқу процесінде оқушының мінез-құлқын ойдағыдай басқару мұғалімнің шәкірттерінің психологиялық ерекшеліктерін терең білумен сипатталады. Оқушы мінез-құлқының механизмі және оның қабілетінің дамуының факторы темперамент болып табылады. Балаларды темперамент типтеріне бөлген кезде жеке айырмашылықтар болады.
Сондықтан олардың ерекш
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>