ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>

еліктерін оқу-тәрбие процесінде ескеру қажет. Бұл мәселе, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері үшін өте қажет. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлықтарында жоғарғы нерв қызметінің типологиялық ерекшеліктері айқын көрінеді.
Әрбір оқушы мен ұстаз, сол тұлғаны не үшін жақсы көреді немесе не үшін ұнатпайды, жағымды жақтары мен жағымсыз жақтарын, мінез - құлқын, оның психологиялық ерекшеліктеріне өз пікірі мен ойын талдап жазып берді.
Оқушылардың арасында немесе оқушы мен ұстаз арасында туындайтын кикілжіңдер негізінен оқушының сөз бен ескерпені көтере алмауынан байқалады. Сын мен ескерту бағалау мен тәрбиелеуде жиі кездесетін әдістер.
Ұстаз балаға белгілі бір іс - әрекеттерге қандай көзқарас ұсынатындығын, оны қалай бағалайтыны туралы айтуы керек, онсыз тәрбие процесі мүмкін болмайды.
Ал, жасалған, іс - әрекетті бағалау кезінде оны ұрысқа айналдыру - ол ұстаздың қателігі. Жанжал - адамның, тұлғаның жеке басына қатты соққы болып табылады. Ондай кезде оқушы ұстаздың ой - пікірін тыңдамай, барынша өзінің МЕН деген ұғымын қорғауға тырысады.
Байқаусызда айтылған ескертпелердің өзі де балалардың барынша қорғануына, өзін - өзі растап шығуына итермелейді. Әрбір ұстаз сыныбының адамға бумеранг секілді әсерін тигізетіндігі жайлы білулері керек, ол оны түзетпйді, керісінше қарсы ой білдіреді. Балалар мен олардың жасаған іс - әрекеттері талқыланған кезде сынды басқаша жағдайлармен ауыстыруға болады.
Сонымен жоғарыда аталған жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізу барысында жыл аяғында ұстаздық шеберілкте қалыптастыруда сынып оқушыларымен еркін қарым-қатынас жүргізе отырып, оқушыларға саналы да сапалы білім мен тәрбие беруде жоғары жетістіктерге жеттік.
Қорыта келгенде, оқу сабақтарында ұстаздың педагогикалық шеберлігі - ол ұстаздың педаго

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: