Педагогические технологии

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

нан ойлау" технологиясын сабақтарымда қолданамын. Мысалы: 3 сыныптағы ана тілі пәні бойынша"Ғажайып адам" атты мәтінге тоқталсам қызығушылығын ояту кезеңі бойынша мынандай сұрақтар қойдым:
- Балалар, сендер қазақ тарихында әр саладан шыққан қайраткерлердің есімдерін білесіңдер ме?
1. Тұңғыш қазақ ғалым-саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
2. Ағартушы ұстаз, оқулық авторы: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
3. Қазақ әліппесін жазған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров
5. Егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
6. Тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған (1909) - палуан Қажымұқан Мұнайтпасов
(1871-1948)
- Яғни, балалар Қажымұқан немен айналысқан?
- Спорт туралы не білесіңдер? Спорт туралы өз ойларымызды ортаға салайық.
"Топтастыру" стратегиясын қолдана отырып, спорт түрлерін атайды.
Мағынаны тану кезеңі бойынша М. Тәнекеевтің "Ғажайып адам" мәтінін оқып танысқаннан кейін дамыту жұмыстарын ұйымдастырдым. Жұмыс барысында оқушылар палуан дегенді қалай түсінесің,Қажымұқанды қазіргі қай спорт шеберімен, қандай ертегі кейіпкерімен салыстыруға болатыны туралы пікірталас басталады. Бұл оқушылардың жұмыс жасау қызығушылық қабілетін арттырады.
Тірек-сызбалар өз бетінше ойланып, қорытынды жасай білуге, теориялық мәселелерді қолдана білуге, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі. Түртіп алу әдісімәтінді оқи отырып түсініксіз сөздерді белгілеп отыру, мәтін оқылып біткеннен кейін оқушы өзі белгілеген сөзді ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, белсенділігі артады.


Толғаныс кезеңі бойынша оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап,алған білімдерін ортаға салады.
&

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: