Педагогические технологии

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

у;
6) ең жоғарғы деңгей БАҒАЛАУ деңгейінде - бағалау шешімдері қабылданады, қарама-қайшы немесе әртүрлі көзқарастар шешіледі.
Сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді. (

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы үш кезеңнен тұрады:
1-кезең: Қызығушылықты ояту
2-кезең: Мағынаны ашу
3-кезең: Ой толғаныс
Біріншіші кезең - оқушыларды танымдық процеске жұмылдырады, өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді, қызығушылығын оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера жасалынады. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оқушылар ойлана бастайды, болжалдайды, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Мұғалімнің бұл кезеңдегі қызметі - оқушылардың тақырып бойынша білетінін еске түсіруге ұмтылдыру, топтарда жанжалсыз ойлармен алмасуға мүмкіндік беру, аудиторияда айтылған ақпаратты тіркеу. Оқушылардың еркін айтқан барлық ақпараттарын жүйелеу тек қана айтылған пікірлерді тәртіпке салып қоймайды, ол жаңа ақпаратты зерттеуде болашақ жұмысқа бағыт береді. Әрбір оқушы өзінің көңілін қай кезеңге бөлуі керек, ал қай ақпаратты тексеру қажет екенін анықтайды.
Екінші кезең - Мағынаны тану, оқушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеалар ойға келгенде жүзеге асады. Ең маңыздысы - жаңа ақпарат бойынша жаңа ақпарат алу. Егер қызығушылықты ояту кезеңінде өз танымының бағытын анықтаса, енді мұғалім түсіндіру сәтінде күтілетін нәтижеге сұрақтар қою арқылы екпін бере алады. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру әртүрлі болады. Түсінік беру, жұппен жұмыс, топпен оқу, бейнематериал қарау т. б. болуы мүмкін. Қай жағдайда да оқушы ақпаратты жеке қабылдайды және ж

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: