quot;Сыни тұрғысынан ойлау" технологиясының нәтижесінде мынандай нәтижеге жеттік:
1. Оқушының сабаққа деген белсенділігі артты.
2. Мәтінді оқуға қызығушылығы артты.
3. Өз пікірін дәлелдей алады.
4. Шығармашылықпен сұрақ қоя алады.
5. Достарының ойын тыңдауға тырысады.
6. Болжам жасау арқылы елесі, қиялы дамиды.
7. Оқушылардың сезімі дамиды.
8. Ұйымшылдыққа үйренеді.
"Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасын қолдана отырып өткен сабақтарда оқушы сыни тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар, жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар жүргізу арқылы өз ойларын ашық айта білу,пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежесі төмен оқушылардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады.
Қорыта айтқанда, әр сабақта оқушының жан-дүниесіне еніп, бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жөн. Өйткені, бала - өміріміздің болашағы. Оларды біліммен сусындатып, өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, саналы азамат етіп тәрбиелеу - барша ұстаздың қасиетті міндеті.
Қолданылған әдебиеттер:
1. З. Қ. Кульбаева, Ана тілі сабағында "Сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясын қолданудың тиімділігі. Бастауыш сынып 7. 2013, 2 бет
2. Д. Е. Шурегеева, "Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер", Бастауыш сынып 8. 20
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>