еке зерттейді. Мағынаны тану сатысында да өз бетінше белсенді білім ала отырып, мақсатқа жетуді жоспарлайды. Бұл кезеңде оқушы:
1. Жаңа ақпаратпен танысады.
2. Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен, тәжірибемен байланыстырады.
3. Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді.
4. Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету енгізеді.
5. Жаңа ақпаратпен танысу үрдісін бақылайды, көңілдерін не аударып тұр соны анықтайды.
6. Естіген және оқыған мәліметтерді талдауға және сараптауға дайындалады.
Оқушының бұл кезеңдегі міндеті - мазмұнмен айналысу, жаңа идеяларды өзінде бар біліммен байланыстыра білу.
Ал, мұғалім:
1. Жаңа ақпараттың тікелей көзі. Ол жаңа ақпаратты қызықты және түсінікті етіп жеткізуі керек.
2. Егер оқушылар мәтінмен жұмыс жасаса, олардың мәтінді оқу барысындағы белсенділігін, ынтасын қадағалайды.
3. Мәтінмен жұмысты ұйымдастыруда ойланып оқуды және оқығанды талдау үшін әртүрлі әдістерді қолданады.
Үшінші кезең - рефлексия (толғаныс) білім алудың қорытынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Рефлексия арқылы оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, өз жолдастарымен, мұғаліммен қарым - қатынас жасай алады және жаңа ақпарат пен өз білімінің толығуын тексере алады. Рефлексия үрдісінде игерілген жаңа білім өз біліміне айналады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы - оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
"Сын тұрғысы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>