лгеніне назар аударған абзал.
Қазақ халқының сакральды (қасиетті ) ұғымдарының бірі - "Отан" ұғымы болған. Оған арналған көптеген мақал - мәтелдер бар. Мысалы: "Отансыз адам, ормансыз бұлбұл", "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол", "Отан оттан да ыстық". Көптеген мақал - мәтелдер бірлікке, ынтымаққа шақырады. "Бірлік бар жерде, тірлік бар", "Саусақ бірікпей, ине ілікпейді". Ал еңбек, еңбекқорлық туралы қаншама: "Еңбексіз өмір - сөнген көмір", "Ел дәулеті - еңбек", "Берген алар, еккен орар".
Сонымен қатар, қазақ халқының мақал - мәтелдері жас ұрпақты, ата - ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған. "Жеті атасын білмеген - жетім", "Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап, қыз өсер", "Ағайын алтау, ана біреу". Оқушыларды тәрбиелеуде отбасында сақталатын салт - дәстүрлердің орны ерекше. Шілдехана, тұсау кесу, тілашар сияқты дәстүрлер балаларды жасынан ата - анасын сыйлап, туған - туысқандарын біліп, сыйластық қарым - қатынаста болуын тәрбиелейді. Қазақтың халық ойындары - мәдени мұралардың бірі болап саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойын барысында балалар өмірдегі оқиғаларды бейнелейді. Ойындар екі топқа бөлінеді: шығармашылық және ережелі ойындар. Егер бірінші топ ойындарында бала өз ойынап шығарын ойнаса, екінші топ ойындары: дидактикалық және баланың ойлау дағдысын қабілетін бағытталған түрлеріне бөлінеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу музыкалық, эстетикалық, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ойын барысында өмірде болатын оқиғалар бейнеленеді және қазақтың ұлттық ойындарының көбі дене тәрбиесіне бағытталған. Ойындарды біз сабақта сергіту минут
Страницы: << < 26 | 27 | 28 | 29 | 30 > >>