Педагогические технологии

Страницы: <<  <  27 | 28 | 29 | 30 | 31  >  >>

тарында, сабақтан тыс шараларда кеңінен қолданамыз.

Этнопедагогика элементтерін тек сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік - тәрбиелік жұмыстарда да енгізіп отырамыз. Өйткені, бұл оқушылардың ұлттық рухта тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары сабақтың заңды жалғасы.

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беруде мектепте өтетін үлкен мерекелердің маңызы зор. Өйткені, оқушылар бірігіп, суреттер салады, залдарды әшекейлейді. , мейрамға сәйкес әдемі киімдерін киеді. Жыл сайын өткізілетін "Наурыз" мерекесі, "Тілдер күні", "Республика күні" сияқты мерекелерге барлық ұстаздар мен оқушылар белсене қатысады.

Сіздердің назарларыңызға осы мерекелерде өткен іс - шаралардан көріністер ұсынамыз.

Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Олар әскери дайындық, ән - күй сабақтарынан, би үйірмесі, экология үйірмесі, қазақ тілінде өтетін үйірмелер: "Қазақшаңыз қалай?" 7 сынып Нұрпейісова Г. Ш, "Қазақша сөйлей аласыз ба?" 8 сынып Ахметова М. Д, "Қожанасыр әлемінде" 4 сынып Рахимова А. С, Арымбекова А. Т. , "Кел қазақша сөйлесейік" 5 сынып Дабинова А. Т. Оларды сынып жетекшілігі жоқ мұғалімдер жүргізеді. Бұл үйірмелердің негізгі мақсаты: оқушыларды қазақ тілінде ауызекі сөйлету, қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларымен тереңдетіп таныстыру, қолөнері салаларымен таныстыру, эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушыларды Ұлттық патриотизмге, Отанын сүюге, салт - дәстүрлерді білуге, олардың маңыздылығын түсінуге, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын қалыптастыру, ал үлгерімі жақсы оқушылардың білім - біліктілігін жоғарлату. Сө

Страницы: <<  <  27 | 28 | 29 | 30 | 31  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: