Педагогические технологии

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

л - кеңес берудегі құралдардың бірі. Халықта: "Тыйымсыз елдің жастары дуана" - дейді. Тыйым, негізінен балаларға арналып, өзара жаман әдет, жат пиғылдан, ерсі - қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы, "Малды теппе", "Бөркіңді теріс киме", "Босағаны керме", "Құстың ұясын бұзба", "Аққуды атпа", "Бұлақтың көзін бітеме", "Құмырсқаның илеуін бұзба", "Сабаққа кешікпе", "Үлкендердің сөзін бөлме" т. б. сөздер арқылы ата - бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген. Халықта "Тәрбие басы - тіл, өнер алды - тіл" - деп бекер айтпаса керек. Сөйтіп, сөз арқылы біз экологиялық тәрбие берумен бірге адамгершілік, жауапкершілік, отанға деген сүйіспеншілік сияқты ізгі қасиеттерге баулимыз.

Сан есімдерді түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрап, соларға байланысты шығармаларды еске түсіреміз. Мысалы: Ұлы Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен үзінді оқып берсе :

Адам болам десеңіз

Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол - дей келе адам бойында кездесетін бес жаман қасиет: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ және бес жақсы қасиет: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу арқылы бала тәрбиесін этно тұрғыдан өткіземіз. Ал қазақ халқының салт дәстүрлері тақырыбын өткенде тойларда, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойда берілетін бата түрлерінен алынған үзіінділерден балаға, жастарға айтылған нақыл сөздер мен тілектердің мағынасын түсіндіру арқылы қазақ отбасында ежелден бала тәрбиесіне көп көңіл бө

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: