өкпарды көмбеге бұрын әкелген ойыншы жеңімпаз атанбайды, сол ойыншының тобы ұтқан болып есептеледі. Жеңімпазды анықтау үшін ойынды 3-5 реттен қайталауға болады).
Бұл ойынды екі топқа бірдей тапсырма беріледі қай топ бірінші болып уақытында аяқтаса "Ақсүйек" деп дауыстайды. Әр дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.
1-жүргізуші: Қиындықтан сірә де біз қашпаймыз,
Алғырлықпен, тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - деп ойынымызды "Ақсүйек" IV кезеңмен жалғастырайық.
"Ақсүйек" ойыны қалай ойнатылады ?
(Ақсүйек ойыны - бұл ойынды кешке айдың жарығымен ойнаған. Оған 6-дан 30-ға дейін адам қатысуға болады. Олар топ - топқа бөлініп өздерінің жетекшісін сайлаған. Қай топ ойынды бірінші бастаса сол топтың жетекшісі "Күн көзінде ұзақ уақыт" жатқан мал сүйегін құлаштап алысқа лақтырған. Оны тапқан адам "Ақсүйек" деп айқайлап, белгілі межеге қарай жүгіруі керек. Ал "Ақсүйек" ұстаған адамның қарсыласы қуып жетсе, ол сүйекті беруге міндетті).
Бұл ойында геометриялық фигураларды құрастыру. Дайын қиылған бөліктерден фигура құрастыру. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
2-жүргізуші: Соңғы кезең "Сақина салу" ойыны мақал-мәтелдерді дұрыс шешіп, бос орынға сандарды дұрыс тауып қоямыз.
"Сақина салу" ойыны қалай ойналады?
(Жігіттер мен қыздар орындыққа дөңгелене отырады, отырған ойыншылардың арасынан қырынан бір кісі өтетін бос орын болу керек. Ойын жүргізуші ортаға шығып алақанын қапсыра, қолын созып отырған ойыншыларға сақина тастай бастайды. Сақина кімге тастайтыны оның еркінде, әйтеубір кімнің алақанына салып жібергенін білдірмеу керек. Сақина тастап болған соң жүргізуші ортаға келіп "ақшамшығымды
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>