ны қалай ойнатылады? (Әр топ басшылар шығып алдарына шашылған асықтарды таласа жинайды, қай топ көп асық жинаса, сол ойынды топ бірінші бастайды)
2-жүргізуші:
I кезең. Бәйге ойыны - ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады. Озып келгендер бас жүлдеге ие болады.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білімен өнер жарысып,
Жігіттің бағы жанар ма?
Бұл кезеңде әр топқа жеке сұрақтар қойылады, жауап нақты тез болу керек. Қай оқушы қасындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1-жүргізуші: Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан - цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай,
Келдім оларды бермек үшін - деп ойнымыздың "Жамбы ату" деп аталатын II кезеңді бастайық.
"Жамбы ату" ойыны қалай қай жерде ойналады? (Жамбы ату - бұл жігіттердің ат үстіндегі ойыны. Ойынға әркім өз атымен, өзінің садағымен келеді. Күні бұрын жамбы ілініп, оны ататын жер дайындалады. Жамбының биіктігі 4-5 метрдей ағаштың басына ілінген. Ойыншылар 50-60 метр адымдай жерде көмбеде тұрып, кезектесіп әрқайсысы 3 реттен жамбыны садақпен атады).
Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Ойынды бірінші кезең бойынша көп ұпай жинаған топ бастайды.
2-жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізердей келе отырып "Көкпар" деп аталатын III кезеңді бастайық.
"Көкпар" ойыны қалай ойнаады? (Көкпар ойыны - көптеген жігіттердің қатысуымен өтетін аттылардың ойыны. Ойынға бауыздалған қозы немесе лақтың біреуі пайдаланады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. К
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>