да болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы. 
 "Көңілді тапқырлар" математикалық сайыс
 
 Мақсаты: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету есептеу дағдысын жетілдіру. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Қазақтың ұлттық ойындарын математика пәнімен сабақтастыру. 
 I кезең. "Бәйге ойыны"
 II кезең. "Жамбы ату ойыны"
 III кезең. "Көкпар ойыны"
 IV кезең. "Ақсүйек ойыны"
 V кезең. "Сақина салу ойыны"
 1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Математика жанкүйерлер!
 2-жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындарын біздің ата - бабаларымыздың келе жатқан мұра деуге болады. Ал ұлттық ойындарымыздың саны көп. Осы ұлттық ойындарды сабақтан тыс қолдану арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, салт - дәстүр арқылы ой өрістерін дамытуға болады. Осы мақсатпен бүгінгі өткізетін (ойын - сабағымызды) "Көңілді тапқырлар" яғни, математика пәнімен қазақтың ұлттық ойындарын сабақтастыру. Балалардың ой - өрісін дамыту үшін қазақтың ұлттық ойындарының бірнеше түрімен таныстыра отырып, тапсырманың мақсатын анықтаймыз. 
 1-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындылар,
 Жүрекке от, көздерінде жалын бар. 
 Сайысатын топты халайық,
 Қол соғып, қарсы алайық. 
 2-жүргізуші: Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді бастайық. 
 Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ қазыларды шақырамыз. 
 1-жүргізуші: Әділ қазылар мен таныстыру
 2-жүргізуші: Сайысымыз V кезеңнен тұрады
 1-жүргізуші: Сайысты қай топ бірінші бастауын білу үшін "Ханталапай" ойынын ойнаймыз. 
 "Ханталапай" ойы
		Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>
