ұнда балалар әлі игере алмаған ұжымдық қарым - қатынас дағдысы талап етіледі. Дидактикалық ойыншықтар балалардың дербес әрекетін ұйымдастыру үшін пайдаланылады, себебі олар баланың ақыл - ойын, сенсорлық және тіл байлығын дамытады. Ойынның дамуы мен балалардың тұрмыс тіршілігін ұйымдастыруда ойыншықтарды баланың жасына лайықтап таңдап орналастыра білудің маңызы ерекше. Егер бала өз бетінше ойын таңдай алмай, мақсатсыз, әр нәрсені бір ұстап, онымен не істеу керектігін білмей отырса, көмектесу қажет. Мысалы: баланың қасына келіп құрылыс материалдан машина қоятын гараж жасайық деп бастап, енді өзің аяқта да ішіне машинаңды орналастыр - дейді. Топтағы ұялшақ, жасқаншақ балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың өзіне деген сенімін оята білу керек. Жаздың ыстық кезінде суға, құмға қатысты ойындар ұйымдастыруы қажет. Бұл кезде балалар құмның сапасымен, не үшін қажеттілігін, судың қасиеттерімен танысады. Әдетте, балалар қимылды ойындарды жақсы көреді, бірақ балаларды дер кезінде жылдам жинап ойынға жұмылдыра қою тез бола бермейді. Бала қолындағы ойыншығын қимайды. Сондықтан оларды ойынға тарту үшін қолайлы уақытты таңдай білу керек. Қолайлы уақыт деген балалардың көңіл - күйі, шаршамауы, қимыл қабілеті т. б. жағымды жағдайлар кіреді. Балалар өздерінің ойынында негізінен айналасында көргенін бейнелейтіндігі және ол ойындар балалардың өмір сүрген кезеңіне дәл келетіні ақиқат. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімдік дағдыларын күнделікті іс - әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнай отырып ойлануға бағыт беріледі. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал - ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі, дамиды.
Пай
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>