арай мына түрлері ұсынылады:
Құрылыс материалдармен өткізілетін ойындар.
Қимылды ойындар.
Дидактикалық ойындар.
Сюжетті - рольді ойындар.
Музыкалық - дидактикалық ойындар.
Аталған ойындарды, балалардың ойынға бейімділігі мен құмарлығына сай ұйымдастыра отырып, сыпайы, әдепті мінез - құлық дағдыларын және бірлесіп іс - әрекет ету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ойын процесінде балалар жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен, қарау сезімі, басқалардың талап тілегімен санаса білуге, қиын жағдайда оларға көмектесуге, ойынға қажетті құралдарды пайдалану жөнінде келісіп алуға үйренеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес, зейінін дамытуға болады. Сәбилер тобының балаларының барабан соғу арқылы, не болмаса ойынның мазмұнына сәйкес үлкен ойыншықты жоғары көрсету арқылы тез жинауға болады. Ойынға жинау ұзаққа созылса, олардың ойынға деген ықыластары кеміп, ойын тәртібі бұзылады. Олар тәрбиеші не істесе соны қайталайды, оларға ертегілердің драмалық түрлері қолайлы. Мысалы: "Шалқан", "Бауырсақ", т. б. ертегілер арқылы драмалау достыққа, жолдастыққа деген ұғымдар қалыптастырылады. Балалар шығармашылық ойын барысында жүгіріп ойнаумен қатар қуыршақтың көйлегін түймелейді, шашын тарайды, киіндіреді, ыдыс жуу, жинау пайдалы дағдыларға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты ойдағыдай дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділіг
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>