ін арттырудағы басты құрал. Сюжетті - рөлдік ойынды ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік.
1 - тәрбиеші сюжетті - рөлдік ойынды өзі ұсынады. Балаларды рольдерге бөліп, ойын шартын өзі айтып түсіндіреді.
2 - тәрбиеші араласпайды.
Ал, енді осы екі жолда да балалардың ойынға деген қызығушылықтары тез басылып қалады. Себебі, бірінші жолы балалар тек орындаушылар ғана, ал екінші жолы ойынның сюжетін өрбіте алмайды да тез арада тарқап кетеді. Ол үшін айналада қоршаған дүниені бақылатып, түрлі құрылыс объектілеріне экскурсияға апарып, көркем шығармаларды оқып таныстыру қажет. Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың бойына күнделікті өмірге қажет әртүрлі машықтарды қалыптастырамыз. Олар мыналар: тұрмыстық машықтар - ойыншықтарды ретімен орнына жинау, өндірістік машықтар - өзінің жұмыс орнын таза ұстау, ұжымдық өмірдің машықтары - жолдасына дер кезінде көмек беру, мәдениетті сөйлеу машықтары - сыпайы қарым - қатынас жасауы, көркемдік машықтар - ән айту, би билеу ертегі айту. Берілген тапсырманы орындау екі кезеңнен тұрады:
1 - кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың есте сақтауына, ойлануына, белгілі бір іс - әрекет қабылдауына ықпал ететін болса,
2 - ші кезенде жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс - әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің дамуын анықтайды.
Жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда балаларға қиындықтар кездессе, қайтадан түсіндіру, орындалу барысында көмектесу қажет. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіру, жан - жақты қамтылуы қажет, оған тәрбиеші мен ата - ананың үлесі зор. Дидактикалық ойындарды көбінесе сабақ үстінде немесе сабақтан кейін үлкендердің қатысуымен орындалады, өйткені м
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>