гіштерін біріктіру.
Басты мақсаты - оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
11. Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л. В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдіс - тәсілдерін үйретеді.
2. Д. Элькони - В. Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони - Давыдов технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады. Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады. Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады,ойға шабуыл, ұйымдастыру -қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталас, сайыс түрінде қарастырылған.
12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз - қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады.
Кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Жаңа технологияны қолдануда оқушылар
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>