Оқытуда озық технологияларды пайдалану – сапалы білім негізі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Талдықорған қаласы,
К. Ушинский атындағы
7 орта мектептің
физика пәнінің мұғалімі
Шалбаева Дильдахан Сейдиловна

Оқытуда озық технологияларды пайдалану - сапалы білім негізі

"ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтере алады" Н. Ә. Назарбаев
Әлемде қоғамдық қарым-қатынастардың үдемелі өзгеріп жаңа келбет алу бет бұрыстары әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның модернизациялауымен шектелмей, дүние жүзілік білім беру кеңістігінде де біршама динамикалық түрлендірулер жүруде.
Оқу орындарында жастарға білім беру мен тәрбиелеу үрдісі оқушы тұлғасы мен кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына, өз бетімен іс-әрекет құралдарын жүзеге асыруға айрықша көңіл аударылуда. Оған кепіл болатын оқытудың жаңа технологиялары.
Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Бұл,әрине, оны тәжірибелі іс-әрекеттерді белгіленген алгоритм бойынша орындауға еліктетті, бірақ әрбір әрекетті дәл, нақты орындауға ұмтылдырды. Оқу үрдісіндегі оқу әрекеттері педагогтің басшылы-ғымен орындалуы жиі байқалды.
Ал білім беру процесінің жаңа үлгілері мен оқытудың технологиялары білім алушының тұлғалық және кәсіби - тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамытуда, оның меншікті потенциалына негізделе, өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуальды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді көздейді.
Білім алушы нысанда немесе процестерде пайда болған қиындықтарды өзі танымның әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: