аз кітаптардан айырмашылығы "жанды" болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: "Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу" дидактиканың ережелеріне сәйкес келеді. Оқушы әр пән бойынша оқу материалын көру арқылы қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялықкарталарды, көркем экпонаттарды және тағы да басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады.
АКТ-ны пайдалана отырып сабақты өткізу әдістемесі.
Үй тапсырмасын тексеру келесі түрде болуы мүмкін. Мұғалім алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпарттық объектілерді кірістіреді. Мұғалім сабақ барысын интерактивті тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен бірге оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді және үй тапсырмасын тексеруді жүзеге асыра алады.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып -- білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:
:: Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
:: Блок - схем, графиктер, диаграмма, карта т. б.
:: Тірек - схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
:: Ойын арқылы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>