оқыту.
:: Сөзжұмбақ, ребустар.
:: Логикалық есептер.
:: Тестілеу және бақылау.
Жаңа сабақты түсіндіруді Power Point презентациясы немесе электронды оқулық көмегімен беруге болады. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер және графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалдар есте сақталып, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру ұйымдары "E-learning" электрондық оқыту жүйесіне 2015 жылы -- 50, 2020 жылы -- 90 көшуі жоспарланған. Электрондық оқыту жүйесінің міндеті оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау. Ал бұл дегеніміз мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
АКТ құралдарын қолданудың пайдасы:
Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
Әр оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;
Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді;
Оқушылардың барлығын бағалауға мүмкіндік аламыз.
Сонымен бірге АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады:
Интерактивтік-сұхбат - ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада сұхбат
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>